Түркістан облысының Білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№11 М.П.Окороков атындағы жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектебіміз Ұлы Отан соғысының батыры Матвей Петрович Окороков есімімен аталады. Мектеп 1976 жылы қолданысқа берілген.

Ғимарат 3 – қабатты, 1 ғимаратта орналасқан, 1 – Спорт зал, 1 – Думан зал.Қуаттылығы – 640 орындық, типтік мектеп.

Қазіргі таңда жалпы – 93 қызметкер қызмет атқаруда, оның 71 – педагог, педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 14, педагог-сарапшы – 17, педагог-модератор – 17, санатсыз – 21.  17- түрлі кіші қызметкерлер.Оқушылар екі ауысымда оқып келеді. Бірінші ауысымда – 319 оқушы, екінші ауысымда – 293 оқушы. Мектеп алды даярлық тобы 2 – сынып 38 – оқушы.

Мектебіміздің бір қатар жетістіктерін айта кетер болсақ 7 – мұғалімнің авторлық бағдарламасы ауданда, облыста, Республикада көмекші құрал ретінде таратылды. Мектебіміздің 10- ұстазы аудандық пән олимпиасынан І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Мектебіміздің 8 – ұстазы облыстық пәндік олимпиададан орын алған. Мектебіміздің 4 – ұстазы Республикадан « Алғыс хаттар» мен « Құрмет ггроматасымен» марапатталған. Мектебімізде қазіргі заманауи кітапхана бар.

Кітапханада 1500 түрлі тарихи, әдеби, көркем әдебиеті, педагогикалық, психологиялық, балалар әдебиеті, шет тілі әдебиет кітаптары және электронды кітаптармен жабдықталған.