

№11 М.П.Окороков атындағы жалпы білім беру мектебі
Мектебіміз Ұлы Отан соғысының батыры Матвей Петрович Окороков есімімен аталады. Мектеп 1976 жылы қолданысқа берілген. Ғимарат 3 қабатты, 1 ғимаратта орналасқан. 1 Спорт залы және 1 Думан залы бар. Мектебіміздің бірқатар жетістіктерін айта кетер болсақ 7 мұғалімнің авторлық бағдарламасы ауданда, обылыста, Республикада көмекші құрал ретінде таратылады. Мектебіміздің 10 ұстазы аудандық пән олимпиадасынан I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Мектебіміздің 8 ұстазы обылыстық пәндік олимпиададан орын алған.
Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз.
Талай түлекті тәрбиелеп, үлкен өмірге «ақ жол» тілеп аттандырған білім ордасы. Ғасырдан асық тарихы мен ғұмыры бар қарашаңырақтың тынысы тоқтамай, шәкірт тәрбиелеуде талмай еңбек етіп, елімізге белгілі білімді тұлғалар тәрбиелеп шығара берсін деп тілек білдіреміз.




Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек.Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс.
Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.
Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы.
Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.
«Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті.
